Сымбат – бедел биігінде
Жақында Астана қаласында өткен республикалық «Аяулы ана» байқауына онлайн форматында қатысқан Сымбат Есмағамбетова бала тәрбиесіне қосқан айрықша еңбегі үшін «Аяулы ана» орденімен марапатталды.

Байқау қоғамдағы ана мәртебесін арттыру, отбасы институтын нығайту, ұрпақ тәрбиесінде ананың атқаратын маңызды рөлін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған байқауда Сымбат бала тәрбиелеудегі өзіндік өнегесімен танылып, жеңімпаз атанды. Оған І дәрежелі дипломмен қоса, «Аяулы ана» ордені табысталды.
Сымбат Гинаятқызы – Ұлытау ауылының тұрғыны. Сегіз бала тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегері. Қызметі – аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде кадр маманы. Оның бүгінгі жеңісі, бір отбасының жетістігі ғана емес, аудан халқына ортақ қуаныш. Елдің мерейі, ауданның абыройы!
Қайрат ЖҰМАБАЙ.
