«Smart Point» цифрлық кеңістігі ашылды

Ұлытау облысы республикада алғаш рет «Smart Point» цифрлық кеңістігін іске қосты. Жоба облыс әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлескен экожүйесі негізінде құрылды.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Дастан Рыспеков пен мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев қатысты. «Smart Point» – Apple Store форматындағы ашық архитектура қағидатына негізделген заманауи сервистік хаб. Орталық тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді кезексіз, ыңғайлы және қолжетімді түрде ұсынуды мақсат етеді.
Облыс басшысы жобаның азаматтарға уақыт үнемдеуге, қызметтерді бір орталықтан алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Smart Point» халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және өңірдің цифрлық трансформациялық трансформациясын жеделдету сын жеделдетуге ықпал етеді.