Әскерге бармаған азаматтар әскери мамандық алып, әскери билет ала алады

Бағдарламаға әскери қызметтен өтпеген 24-27 жас аралығындағы әскерге шақырылушылар, әскери қызметке жарамды және денсаулығына байланысты болмашы шектеулері бар әскерге шақырылушылар қабылданады.

Өтініш eGov порталы арқылы қабылданады.

Оқу барысында азаматтар логистика, автокөлік және сауытты техника жөндеу, автоэлектрика, дәнекерлеу, аспаздық және басқа да әскери-есептік мамандықтарды меңгереді. Сондай-ақ ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын даярлау бағдарламасы енгізілген.

Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге «қатардағы жауынгер» атағы беріледі. Кейін мерзімді қызметтен босатылады.