Құрылтай депутаттығына 7 партия 550 кандидатты ұсынды

Елімізде маңызды саяси науқан – Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық қарқынды жүргізілуде. Барлық саяси партиялар өздерінің съездерін өткізіп, сайлауға қатысатын кандидаттарының ресми тізімдерін бекітті.

Сайлаушыларды ақпараттандыру мақсатында партиялар ұсынған кандидаттар саны:

🌾 «Ауыл» партиясы – 69 кандидат
🔵 «Әділет» партиясы – 186 кандидат
🔷 «Ақ жол» партиясы – 63 кандидат
🟠 «Республика» партиясы – 76 кандидат
🔴 Қазақстан халық партиясы – 72 кандидат
🍃 «Байтақ» партиясы – 51 кандидат
⚖️ Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 33 кандидат

Алдағы уақытта саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, саналы таңдау жасау – әрбір азаматтың маңызды міндеті.

Белсенді азаматтық ұстаным – еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі.