ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Бүгін тағы да белгісіз адамдар бейтаныс нөмірден Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының атынан WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама таратып жатыр. Олар бөтен нөмірге өңір басшысының жеке суретін пайдаланған.

Орын алған жағдай интернет алаяқтықтың бір түрі болуы мүмкін деген болжам бар. Себебі көрсетілген нөмірдің облыс әкіміне тиесілі емес екенін хабарлаймыз.

Осы орайда, сіздерді Берік Әбдіғалиұлының атынан хабарласып ақша сұраған азаматтардың белгісіз шоттарына қаражат жібермеулеріңізді сұраймыз.