Сағат 18.00-ден кейін мұғалімді мазаламаңыз – министр
Мұғалімдерге кешкі уақытта ата-аналардың WhatsApp арқылы қажетсіз хабарлама жазбағаны дұрыс. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.
Ведомство басшысының сөзінше, мұғалімнің де жеке өмірі бар. Сабақ біткеннен кейін олар үйіне қайтып қана қоймай, келесі күнгі сабаққа дайындалады. Сондықтан министр ата-аналарға, әсіресе кешкі сағат 18:00-ден кейін, шұғыл жағдай болмаса, хабарласпауды ұсынды.
Бірақ бұл барлық мектепке ортақ қатаң тыйым емес. Себебі кей мектептерде сабақ кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сондықтан мұғалім мен ата-ананың байланыс уақыты әр мектептің жұмыс тәртібіне қарай белгіленуі мүмкін.
