Құрметті жерлестер!
Сіздерді Халықаралық туризм күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлытау облысы – туризмнің жүрегі, қасиет пен киенің қайнар көзі.
Туризм – мәдениеттің бастауы, халықтар арасындағы достық пен бауырмалдықты нығайтатын ерекше сала.
Биылдың өзінде ғана Ұлытау өңіріне еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шет елдерден мыңдаған қонақ келіп, табиғатына, тарихына, киелі орындарына тәнті болып қайтты. Аймақта туризмді дамыту мақсатында джип-турлар, пресс-турлар, танымдық сапарлар ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғасын таба бермек. Өйткені Ұлытау – сарқылмас тарих пен мәңгілік рухтың мекені.
Осы орайда баршаңызды туризмді өркендетуге, қасиетті өлкеміздің тарихын кеңінен насихаттауға шақырамыз!