Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!

Жерлесіміз, Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармонияның әртісі Айзада Абдуахитқызы Абдыкаликова ерекше қабілеті бен талантының арқасында Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алды.

Бұл — облысымыздың мерейін ел көлемінде асқақтатқан жаңалықтардың бірі болды.

Қадірлі Айзада Абдуахитқызы!

Сіздің көп жастың арасынан суырылып шығуыңыз — Ұлытау облысының күміс көмей, жезтаңдай жастарымызға кенде еместігін көрсетті. «Ел іші — өнер кеніші» деген аталы сөзге жан бітірген ұмтылысыңыз бен шабытыңызға шыңырау тілеймін.

Өзіңіздің талпынысыңыздың арқасында қол жеткізіп отырған мемлекеттік сыйлығыңыз мол жетістіктерге жол ашсын. Алдағы уақыттарда да Ұлытаудың атын асқақтау жолында талмай, еңбегіңіздің жемісін көре беруіңізге тілектеспін.

«Дарын» мемлекеттік сыйлығы сіз секілді өзге де жастардың биіктерге қол созуына серпін береді деген сенімдемін. Әке салған даңғыл жол мен тектіліктің ізін жалғап, биіктерден көріне беріңіз!

Құрметпен,
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.