Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – жаздың алғашқы күнімен келетін, балғын буын үшін ең қуанышты және жыл сайын асыға күтетін мереке.
Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, мемлекет пен қоғамның басты мақсаты – елге ие болатын білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы.
Сондықтан, бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын жас ұрпақпен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор.
Сондай-ақ, бұл мереке балаларымызға білім мен тәрбие беретін, еліміздің нағыз патриоттарын тәрбиелейтін барлық азаматтардың мерекесі болып табылады. Барлық тәрбиешілер қауымына балаларға сыйлайтын жан жылуларыңыз бен шыдамдылықтарыңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге және сіздердің балаларыңызға шын жүректен денсаулық, бейбітшілік, бақыт және қуаныш тілейміз!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.
