Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі ардагерлер мен тыл ардагерлері!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ, мыңдаған қазақстандықтар, оның ішінде Ұлытау өңірінің тумалары да майдан даласында ерлік пен жанқиярлықтың ересен үлгісін көрсетті. Олардың басым дені соғыстан оралмады.
Ал, тылда еңбек еткендер өздерінің ерен еңбектері мен жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Соғыстан кейін майданнан елге оралғандармен бірге ел экономикасын қалпына келтіруге білек сыбана кірісті. Мұның барлығы кейінгі ұрпақтың бақытты өмір сүруі үшін жасалды.
Бүгінгі күні ата-бабаларымыздың осынау ерліктерінің арқасында біз бейбіт өмір сүріп, елімізді дамытуға балаларымызды өсіріп, тәрбиелеуге мүмкіндік алдық. Бұл ретте, біз соғыстың қайғы-қасірет әкелетінін есімізде сақтап, бейбітшілікті сақтауға әрдайым әзір болуымыз керек. Бұл батыр-бабаларымызға біздің көрсеткен құрметіміз.
Біз барлық ардагерлер мен тыл ардагерлерін 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, балаларыңыз бен немерелеріңізге жарқын болашақ, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілейміз.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.