Оқушылар арасында дебат турнирі өтті

2026 жылғы 23 сәуір күні Жезқазған қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында «Қатаң заң ба, әлде тәрбие ме – қайсысы маңызды?» тақырыбында мектеп оқушылары арасында дебат турнирі өтті.

Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар заң мен тәрбиенің арақатынасына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, жастардың құқықтық және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі көзқарастары мен дәлелдерін ортаға салды. Әсіресе, құқықбұзушылықтың алдын алуда отбасы тәрбиесінің рөліне және жасөспірімдер арасындағы тәртіпті нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Іс-шараның мақсаты — «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру, жастар арасында отбасылық құндылықтарға оң көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық нормаларды құрметтеуге тәрбиелеу. Ұйымдастырушылар жауапты әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық тәрбие мен заң талаптарының үйлесімді ұштасуының маңыздылығын атап өтті.