Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Аблай Жәнібеков партия ғимаратында қала тұрғындарымен жеке кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар қалалық инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, қала келбетін жақсарту және өзге де өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Кандидат азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті кеңестер берді.

Мұндай кездесулер тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен мәселелерін назарға алуға мүмкіндік береді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.