ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Бастама – жол-құрылыс сынамаларын іріктеу және сынау процесін жеделдету үшін қолға алынған. Ұлытау облысының жеке жол зертханасы Жезқазған қаласында орналасқан.
Осы уақытқа дейін өңірде жол сапасына арналған зертхана болмағандықтан филиал қызметкерлері жол-құрылыс материалдарының сынамаларын көрші облысқа жөнелтіп отыруға мәжбүр болған. Сәйкесінше, жөнелту жұмыстарын жүргізу үшін біршама уақыт қажет. Енді аталған сынамалар өз өңірімізде жүргізілмек.
Айта кетейік, Ұлытау облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы 2023 жылғы наурызда құрылған болатын. Оның негізгі қызметі – елдімекендердің көшелерінде және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау.