Ұлытау облысында 250 келіге жуық балық өлексесі жойылды
Бүгін ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығының Ұлытау облысы бойынша инспекциясы» РММ, «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» ММ қызметкерлері мен Талап ауылының белсенділері су бетіндегі балық өлекселерін жинады. Шамамен 250 келі өлексе Талап ауылының арнайы жасақталған мал қорымына жеткізіліп, жойылуда. Тазалау шаралары әлі де жалғасуда.
Еске сала кетейік, Ұлытау облысындағы Кеңгір өзені бойында белгісіз себептерге байланысты жаппай балық қырылу фактісі тіркелген болатын.
Аталған жайтқа байланысты шұғыл түрде арнайы комиссия құрылып, судың сынамалары мен балықтардың өлекселері зерттеу лабораториясына жіберілді.