ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ХАЛЫҚ ҮНІ

Биылғы өткізілген Ұлттық құрылтай барысында әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелер талқыланды. Жаңа саяси және конституциялық реформалар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, жастар саясаты, экология және ұлттық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Құрылтайдың басты нәтижелерінің бірі — Қазақстандағы саяси жүйені жаңарту мен демократияландыруға бағытталған нақты қадамдар туралы ұсыныстар болды. Сонымен қатар, құрылтай барысында қабылданған ұсыныстар мен шешімдер қоғамда үлкен қолдау табатындығы сөзсіз.

Серік ТАШЕНОВ,
Ұлытау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы.