Президент: Жастардың өзі аға буынды қазіргі заманға сай пайдалы нәрсеге үйрете алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында осылай деді.

«Біздің міндетіміз – балаларды өз бетінше ойлануға, ақпаратты сыни тұрғыдан сараптауға, байыпты шешім қабылдауға үйрету. Бұл да оңай міндет емес. Өйткені жастардың өзі бізді, аға буынды қазіргі заманға сай пайдалы нәрсеге үйрете алады. Бірақ біздің өмірлік тәжірибеміз көбірек және жастарға қауіпсіз, өркениетті әлемді, оларға болашақта қажет болатын білімді аманат етіп қалдырғымыз келеді», – деді Президент.
