Көп ұзамай Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.
“2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есеге арттыру мәселесін басты стратегиялық мақсат ретінде белгіледім. Көп ұзамай Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылып, алдағы жұмыстың амал-тәсілдері айқындалады”, — деді Мемлекет басшысы.
Сұхбатта сондай-ақ еліміздің алдында тұрған міндеттер, Қаңтар оқиғасының себебі, АЭС салу мәселесі, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы туралы қозғалған.