Күн тәртібінде – маңызды мәселелер

Ұлытау ауданы əкімінің орынбасары Алмат САКИПОВТЫҢ төрағалығымен Ұлытау ауданы əкімдігі жанындағы мемлекеттік рəміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, тиісті мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Күн тəртібіндегі бірінші мəселе білім беру мекемелерінде мемлекеттік рəміздерді қолдану жəне насихаттау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің əдіскері Қарақат Байзақова баяндама жасады. Баяндамаға сай ауданның орналасқан мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік рəміздер бойынша тексеріс жүргізу жұмыстары туралы ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Каренов баяндады. Аталған мəселе бойынша мемлекеттік мекемелерге қойылатын талаптарды дұрыс орындамаған мекемелердің анықталғаны туралы сөз болды. «Олқылықтарды жою туралы мекемелерге арнайы хат жолдадық жəне анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт белгіленді»,- деді ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Жиын соңында аудан əкімінің орынбасары күн тəртібінде көтерілген мəселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Өз тілшімізден.