— Халықтың орташа атаулы ақшалай табысы 11,8% ұлғайды
Тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа атаулы және нақты ақшалай табыстар
2026 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 252 619 теңгені құрады және 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 11,8% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (11,7%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 0,1% өсті.

