Ерлан Қошанов Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайланды
Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтті. Сессия отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Халық Кеңесі Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.

«Бұл – конституциялық мәртебесі бар, беделді лауазым. Сондықтан бұл лауазымға елге белгілі, халық пен биліктің арасында дәнекер болатын азамат келуге тиіс деп санаймын. Осының бәрін ескере отырып, мен Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.
