Енді халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Білім министрлігі мектеп оқушылары мен олардың жетекшілеріне халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарындағы жеңістері үшін төлем ережелерін жаңартты:
🥇 1 орын – 1500 АЕК (2026 жылы шамамен 6,49 млн теңге)
🥈 2 орын – 1000 АЕК (шамамен 4,33 млн теңге)
🥉 3 орын – 500 АЕК (шамамен 2,16 млн теңге)
Мұғалімдер де сыйақы алады. Мөлшері базалық лауазымдық айлыққа байланысты есептеледі.
🥇 оқушысы «алтын» алса – жалақысының 26,5 есесі
🥈 «күміс» үшін – 17,5 есе
🥉 «қола» үшін – 8,5 есе
Төлемдер жеке беріледі, бір реттік, тек ағымдағы жылғы жетістіктер үшін және Қазақстан азаматтарына арналған.
