Экомәдениет қоқыс қалдырмаудан басталады

ҚР Премьер-Министрі О.Бектеновтың тапсырмасы бойынша, Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Экологиялық бақылау және реттеу Комитетінің бастамасымен республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр.

Осыған орай, Ұлытау облысы бойынша Экология департаментінің инспекторы Бауыржан Жанбулатович Бексинов жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы Ахат Құрмансейітов, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Аян Есенғалиұлы Абжамалов, Ұлытау ауылдық округінің әкімі Талғат Мұсылманбекович, Ұлытау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Батырлан Боранбайұлы Сәбден және бұқаралық ақпарат құралының қатысуымен заңсыз қоқыс үйінділерін жою бойынша пресс-тур өткізді.

Осы тұрғыда халыққа ақпараттық идеологиялық тұрғыдан түсіндірме жұмыстарын жүргізу, азаматтарды жауапкершілікке шақыру, сонымен қатар экологиялық мәдениетті, экологиялық білімді қалыптастыруға нұсқамалар берілді.