Еңбек адамы — қоғамның тірегі
Еңбек — адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Ал еңбек адамы — сол құндылықты іс жүзінде көрсетіп жүрген жан. Олар күн сайын тынымсыз жұмыс істеп, қоғамның дамуына үлес қосады. Қаладағы құрылысшыдан бастап, ауылдағы диханға дейін — бәрі де еңбек адамдарына жатады.
Мұндай адамдардың бойында жауапкершілік, төзімділік, табандылық сияқты қасиеттер болады. Олар қиындықтарға мойымай, өз істеріне адал қарайды. Еңбегімен елге үлгі болып жүрген азаматтар жас ұрпаққа тәрбие, үлгі бола алады.
Қазіргі қоғамда еңбек адамының мәртебесін арттыру — маңызды міндеттердің бірі. Себебі нағыз табыс пен дамудың негізі — адал еңбек. Сондықтан еңбекқор адамдарды бағалай білу, құрметтеу — баршамыздың азаматтық парызымыз.
Елдос ОСПАНБЕКОВ,
Ұлытау ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысының м.а.