Еңбек адамы — ел тірегі
Еңбек – адам өмірінің мәні, қоғам дамуының негізі. Ал сол еңбекті атқарып жүрген жандар – шын мәнінде елдің іргесін көтеріп жүрген батырлар. Олар – қарапайым, көп көзге түсе бермейтін, бірақ қоғам үшін ең маңызды тіректердің бірі. Сондықтан да еңбек адамына құрмет көрсету – ұрпақ тәрбиесінің өзегі болуға тиіс.
Қала мен ауылдағы құрылысшылар, ұстаздар, дәрігерлер, шаруалар, теміржолшылар, жүргізушілер мен тазалық қызметкерлері – бәрі де өз ісінің шеберлері. Олар күн сайын тынымсыз еңбек етіп, қоғамның тоқтаусыз алға жылжуына үлес қосуда. Осындай жандардың арқасында еліміздің экономикасы дамып, тұрмыс сапасы артып келеді.
Серік БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Қоғамдық кеңес төрағасы.