Достық әзіл

Бұрынғы фото-тілші Жасұлан Аяшевқа:

Музейде жүріп, кеңейткен ой өресін,
Тарихтың да айта білген төресін.
Фото-тілші болып жүріп газетте,
Мақаланы да үйіп-төгіп беретін.

Көңіл шіркін жақсыларды іздей ме,
Елес болған Жасик сен де бір бейне.
Редакциядан таза кетпей қол үзіп,
Суреттер жіберіп тұрсай кей-кейде.

Әріптеспен әзілдескен Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.