Достық әзіл

Ақпарат саласының ардагері Шахмаран Ысқақовқа:

Газеттегі фамилиясы – Исаев,
«Штирлиц» десек оны несі айып.
Мін тауып кеп, жазған кезде мақала,
Кетуші еді қаламы оның «қисайып».

Сөзі сондай, қорғасындай салмақты,
Шахаң біздің, таланты жан-жақты.
Театрда режиссер боп талай жыл,
Өнерімен көрерменді де таңғалтты.

Бүгін қайда Шахмаран Исаев,
Кетті ме екен бойындағы күй тайып.
Зейнеткердің күні осы қазір деп,
Диванында жатыр ма екен қисайып?

Әріптеспен әзілдескен Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.