«Әділет» партиясының Ұлытау облыстық сайлауалды штабы еңбек ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясының Ұлытау облыстық сайлауалды штабы мүшелері Жезқазған таратушы электр торабы компаниясының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге Құрылтай депутаттығына үміткерлер Алмат Жөкебаев, Нұргүл Талғатбекова және штаб өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, онда көзделген бастамалар мен ұсыныстар туралы ақпарат берілді.