Демографиялық өсім экономикаға дем береді
Мемлекет басшысы Жолдауында отбасылық-демографиялық салада жаңа саясат басталғанын жариялады.
Бұл сала Жолдаудың негізгі объектілерінің бірі. Бұл ретте, арнайы бағдарлама қабылданып, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар нақты да нəтижелі орындалса нұр үстіне нұр. Мемлекет басшысының еліміздегі демографиялық ахуалды дамытуға көңіл бөлгені құптарлық іс, халық санын көбейту, балалардың мүддесін жəне денсаулығын сақтау қажет, саналы да, сауатты, салауатты ұрпақ — жарқын болашақ кепілі. Барлық құқықтар қорғалған.
Президенттің отбасылық-демографиялық саясатқа ерекше назар аударуы еліміздің болашағы үшін маңызды стратегиялық қадам болып табылады. Жолдауда бұл салаға ерекше мән берілгені халықтың әл-ауқатын жақсарту мен ұрпақтың сапалы тәрбиесін қамтамасыз етуді басты мақсат ретінде айқындайды. Арнайы қабылданған бағдарламалар мен ұсынылған шаралар отбасылық институтты нығайтуға, көпбалалы отбасыларды қолдауға, балалардың денсаулығы мен құқықтарын қорғауға бағытталған.
Сонымен қатар, демографиялық өсім мен ұрпақтың денсаулығына ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының бастамалары халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған
Маржан АХАНОВА,
мұғалім.