Бозымбаев қандай мәселелерге жетекшілік етеді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалған Қанат Бозымбаевтың қандай мәселелерге жетекшілік ететінін айтты.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады», — деп жазды Б.Уәли.