Бірыңғай уақыт белдеуі өзгеріссіз қалады

Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

«Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі 5-уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан бұл ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тасырамын», – деді ол.

1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Қазір ел аумағында 5-уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.