Қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізу енгізілді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, тиісті нормативтік құқықтық талаптар күшейтілген.

«Мектеп аспаздарының біліктілігіне, олардың білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Өнім берушілердің қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы туралы шарт бекітілді. Сондай-ақ ас блогына бейнебақылау орнату міндеттелді», – деді министр.

2025 жылдан бастап денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірленген тамақтанудың жаңа стандарты қолданысқа енгізіледі.