Бектенов ұшақтардың техникалық жағдайын ерекше бақылауды тапсырды

Премьер-Министр үкіметтік комиссияның Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты ақпаратын тыңдады.

«Бұл қайғылы оқиға бізге ұшу қауіпсіздігі үшін белгілі бір шараларды қабылдау қажеттігін көрсетеді. Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, әуежайлар мен әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет», — деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ экипаждардың біліктілігін қайта тексеру қажеттігін айтты.