Қазақстанда алғашқы АЭС 8 жылда салынып бітуі мүмкін

 

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты.

Министрдің мәліметінше, бірінші АЭС Алматы облысында салынады, ал екінші АЭС салынатын өңірді таңдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов АЭС салу бойынша келісімшарт жуырда жасалатынын мәлімдеген еді.