АУДАН ӘКІМІ “ЖЕЗБҰЛАҚ” МЕКЕМЕСІНІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ ⠀

Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков Жезді кентіндегі “Жезбұлақ” мекемесіне арнайы барып, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысты. Аталған мекеме ауданымыздағы ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамтып отырған үлкен ұжым. Ауа райының қолайсыз уақыттарында да аянбай еңбек етіп отырған жұмысшылардың еңбегін жоғары бағалаған аудан басшысы, оларға сый-құрмет көрсетті.



– Мемлекет басшысының Жарлығымен биылғы жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Елімізде жұмысшы мамандықтары кеңінен дәріптеліп, қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясы насихатталуда. Біз де өзінің табысын маңдай терімен табатын, өздеріңіздей еңбек адамдарын әрдайым жоғары бағалаймыз. Коммуналдық саланың аудан үшін маңызы зор. Қиындықтарды еңсере жеңіп, еңбек етіп келесіздер. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек, – деді аудан басшысы.



Ауданның дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан сала мамандары Тұраш Қожабаев, Бейбіт Сайдалин арнайы төсбелгімен марапатталса, Орынкүл Асылбекова, Ағайша Түсіпбекова, Әлия Әшім аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Бұл игі дәстүр алдағы уақытта да жалғасын тауып, еңбек адамдарына деген құрмет одан әрі арта бермек.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.