ҚАРАКЕҢГІРДЕ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖҮРІП ЖАТЫР

Қаракеңгір ауылында биыл жабық футбол алаңы қолданысқа беріліп, жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт толық жабдықталады. Бұл жайында Ұлытау облысы әкімінің аймаққа жұмыс сапары барысында айтылды.

Ұзындығы 40, ені 20 метр болатын ангар типті футбол алаңын сәуірдің соңында аяқтау көзделіп отыр. Қазіргі уақытта барлық материалдық жабдығы түгел. Нысан жылытқыш материалдармен қапталып, қыста жылумен, жазда салқындататын кондиционер орнатылады.

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қаракеңгірде құрылысы биыл аяқталған фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жұмысын бақылады. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау нысаны 90% қажетті құралдармен жабдықталған, 3 медбике жұмыс атқаруда. ФАП ғимараты жылумен қамтамасыз етілген.