АЭС: жарқын болашаққа жол

Атом электр станциясы ең алдымен экономикалық тұрақтылық кепілі болып табылады. Ғалымдардың пайымдауы бойынша АЭС сенімді энергия көзі сонымен қатар заманауи технологияны тиімді пайдалану жолы.

Ғаламтордағы деректерге сүйенетін болсақ қазіргі күнге әлем елдерінде 60 реактор жұмыс істеп тұр. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, станция жұмыс істеп тұрған кезде 3 миллиард доллар салық ретінде ел бюджетіне қаржы түседі. Екінші жағы, станцияны салу барасында 8 мың адам тұрақты жұмысқа тартылады. Іске қосылғаннан кейін 2 мың адам озық технологиялы станцияда жұмыс істейді. 60-80 жыл АЭС-те 2 мың отандық маман тұрақты жұмыспен қамтылады.Ең бастысы, АЭС – тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі. Әзірге атом энергетикасының орын басатын өзге станциялар жоқ делінген.
Жыл өткен сайын елімізде халықтың саны өсуде. Мемлекетіміз де демографиялық тұрғыдан дамуда. Бұл мемлекетіміз экономикалық тұрғыдан дами түсуі тиіс дегенді көрсетеді. Ал тұрақты әрі үздіксіз энергиясыз даму мүмкін емес. Халықтың қажеттілігін өтеу үшін жаңа өндіріс орындары салынып, шағын және орта бизнесті ілгерілету керек. Мұның бәрі электр энергиясына келіп тіреледі. Энергиясыз даму мүлде мүмкін емес. Қазір көрші елдерден электр энергиясын алып отырмыз. Халықтың саны артқан сайын, энергияға деген сұраныс артады. Осындай мәселелердің алдын алу үшін де мемлекетіміз бүгін күні бүкілхалықтық референдум арқылы аэс салудың шешімін анықтамақ.

Құрмет РАХАТ,

ерікті, белсенді жас.