Адам құқығы – басты құндылық
Адам және адамзат құқығы – бұл қазіргі қоғамдағы маңызды және күрделі мәселелердің бірі.
Бұл құқықтар адамның ажырамас, табиғи құқықтарын қорғауға бағытталған жалпыға ортақ нормалар мен қағидаларды қамтиды. Оларды сақтау – әділеттіліктің, теңдіктің және еркіндіктің негізі. Адам және адамзат құқығын қорғау – әр қоғамның басты міндеттерінің бірі. Әлемде әрбір адамның қадір-қасиетін, бостандығын және қауіпсіздігін құрметтеуді қамтамасыз етудің жолдары іздестіріліп, халықаралық құқықтар мен заңдар арқылы нығайтылып келеді. Құқықтарды сақтау – әділ, бейбіт және тұрақты әлем құрудың негізі. Заңнамадағы соңғы өзгерістер Қазақстанның адам және азамат құқықтарын сақтаудағы саясатының басымдығын көрсетеді. Бұған Конституциядан өлім жазасын алып тастау және азаптау фактілері бойынша тергеуді прокуратураның құзырына беру кіреді.
Асылбек ОРАЗБЕК,
белсенді жас.