Жүйелі реформалар – басты талап
«Баршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың саясатының басты бағыттарының бірі. Президент 2019 жылы мамыр айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың алғашқы пакетін жариялады. Онда қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды лауазымынан босату мен тәртіптік жауапкершілікке тарту институттарын енгізу, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, азаматтарды жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін ынталандырудың сараланған жүйесіне көшу тапсырылды.
Жаңа бастамалардың барлығы нақты заңдарда көрініс тапты және өздерін тиімді алдын-алу құралдары ретінде көрсетті. Бұл – мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге және сыйлықтар алуға толық тыйым салу; күштік құрылымдар қызметкерлерінің қылмыстық арандатушылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу; квазимемлекеттік сектор басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту. Бұл жаңашылдықтардың барлығы Парламентте қаралып – бастамалардың жақын арада іске асырылатындығын көрсетеді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дәйекті іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жандандыратынын атап өтті.
Қоғам — мемлекеттік аппарат осымен ғана шектеледі деп ойлауы мүмкін. Алайда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дәйекті іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жандандырды. Коронавирус пандемиясы іс жүзінде мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласынан бастап цифрландыруға дейін созылмалы сыбайлас жемқорлық «індеттерінің» бетін ашты. Сондықтан Мемлекет басшысы 2020 жылдың тамызында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі жаңғырту жөнінде арнайы кеңес өткізді, оның негізгі тезистері Қ.К. Тоқаевтың қыркүйек айындағы халыққа жолдауының жеке блогына кіріп отыр.
Сондай-ақ Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үшінші пакеті аса маңызды бастама болуда. «Біріншіден – сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту. Ең алдымен, бұл – құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға қатысты және сотталған жемқорлардың мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою. Екіншіден – 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялар үшін шетелде банк шоттарын иеленуге тыйым салу. Бұл бастама ел мүддесі үшін қызмет ету идеологиясы тұрғысынан ғана емес, жемқорлық капиталын шетелге шығару мүмкіндіктерін жою мақсатында да маңызды. Үшіншіден – «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға қарсы жүйелі түрде әрекет етуге барынша кең ауқымда тартуға нақты серпін береді. Онда сан қырлы мәселелер бойынша қоғам өкілдерінің мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің нақты тетіктері көрініс табатын болады.Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың жанында ғана емес, ұлттық компанияларда да жұмыс істейтін қоғамдық кеңестердің рөлі едәуір күшейетін болады.
Сонымен қатар 2021 жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің саны 25% қысқаратын болады. «Осылайша, лауазымдық жалақы екі есе ұлғайып, еңбекақы төлеудің факторлық-баллдық жүйесіне толыққанды көшу мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы тағы бір даусыз артықшылық болады.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы біршама бастамалар пысықталды. Олардың негізгісі – шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті енгізу. 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі іске қосылатын болады. Олар келесідей: бастапқы кіріс декларациясында мемлекеттік қызметші өзінің барлық активтерін тіркейді. Егер кезекті декларацияны тапсыру кезінде оның негіздей алмайтын табысының едәуір өсуі анықталса, оған мемлекеттік қызметтен босату және негізсіз асып кеткен соманы тәркілеу шарасы қолданылады. Бүгінгі таңда қоғамның сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпынысы бұрынғыдан да зор. Сондықтан жемқорлыққа қарсы кешенді реформалардың өзектілігін асыра бағалау мүмкін емес. Мемлекет басшысының толық қолдауына ие бола отыра, біз алдымызға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең пәрменді құралдарды пайдалану мақсатын қоямыз. Бұл – экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі шарты.
Е.ИМАНҒАЖЫ,
Ақтас кентінің әкімі.