Кандидаттар энергетиктермен кездесті
«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жезқазған тарату электр желілері компаниясының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірді дамытуға бағытталған негізгі басымдықтарға тоқталды. Сонымен қатар энергетика саласын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, еңбек адамдарының құқықтары мен әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Жиын барысында ұжым өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидаттар көтерілген мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салып, партия бағдарламасында қарастырылған бастамалар туралы баяндады.
Өңірдің болашағы – әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты!
Сайлауға қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз! «Әділет» партиясына дауыс беріңіз!
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
