Кандидаттар тұрғындармен жеке кездесулер өткізді
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Нұргүл Талғатбекова тұрғындармен жеке кездесу өткізді.

Кездесу барысында өнер саласын дамыту, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелері және оларды жұмыспен қамту жолдары талқыланды. Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Кандидат партияның сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Атап айтқанда, алдағы бес жылда 14 мың жасты жұмыспен қамту көзделген. Бұл бағытта жастардың кәсіби біліктілігін арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруіне жағдай жасау және тұрақты жұмысқа орналасуына қолдау көрсету жоспарланған.
Кездесу соңында тұрғындар көтерген мәселелер назарға алынып, партия бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
