«Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек»: Премьер-Министр ҚТЖ-дағы кадр жұмысын ретке келтіруді тапсырды
Премьер-Министр Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басқарма төрағасы Ерсайын Нағаспаевты ұжымға таныстырды.

Үкімет басшысы корпоративтік тәртіпті нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруға баса назар аударды.
«Кадр жұмысын ретке келтіріп, әр қызметкер үшін нақты міндеттерді анықтау қажет. Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек. Қызметкерлердің басым бөлігі адал және жауапты адамдар екеніне сенімдімін», – деді Олжас Бектенов.
Жаңа басшылыққа транзиттік тасымал көлемін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту және компания қызметінің тиімділігін жақсарту міндеттері жүктелді.
