Кеңгір мектебінің ұжымымен кездесу өтті

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Абылай Жәнібеков, Әлдібек Тәуекелов, Гүлнара Загирова және Диас Алтынбек Кеңгір мектебінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның негізгі бағыттары мен басымдықтарына тоқталды. Әсіресе, білім беру саласын дамыту, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ауылдық аумақтарды дамыту, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандардың жағдайын көтеру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.