Кандидаттардың азаматтармен жеке кездесуі жалғасуда

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Виктория Ставицкая азаматтармен жеке мәселелері бойынша кездесті.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, қала инфрақұрылымын дамыту, құрылыс жұмыстарының барысы, сондай-ақ коммуналдық және өзге де әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Кандидат азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.