Қазақстанда психологтардың жалақысына 300% үстеме қосылуы мүмкін
Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу ұсынылды.

Бұл туралы Үкімет қаулысында айтылған.
Жоба бойынша психологтарға базалық жалақының 300%-ы, әлеуметтік қызметкерлерге 200%-ы мөлшерінде үстемеақы берілуі мүмкін.
Ал учаскелік дәрігерлер мен мейіргерлерге еңбек өтіліне қарай 20%-дан 50%-ға дейін қосымша ақы төлеу көзделген.
Бұл әзірге қаулы жобасы. Құжат 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.
