«Мен сайлау туралы не білемін?»

Ұлытау ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тұрғындар арасында «Мен сайлау туралы не білемін?» тақырыбында блиц-сауалнама өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың сайлау жүйесі туралы ақпараттану деңгейін арттыру, азаматтардың сайлау құқықтары мен міндеттері жөніндегі білімін кеңейту.

Сауалнама барысында тұрғындарға сайлау үдерісіне қатысты сұрақтар қойылып, олардың ой-пікірлері тыңдалды.

Саналы таңдау – жарқын болашақтың бастауы!