Инфрақұрылымды жаңғырту – экономикалық дамудың негізі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымды жаңғырту және экономиканы дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Заманауи инфрақұрылым – ел экономикасының тұрақты өсуінің, инвестициялық тартымдылықтың және халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы.

Бұл бағытта көлік-логистика жүйесін дамыту, жол сапасын жақсарту, энергетикалық әлеуетті арттыру, инженерлік-коммуникациялық желілерді жаңарту және жаңа өндіріс орындарын ашу маңызды рөл атқарады.

Инфрақұрылымды жүйелі дамыту – жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлікті қолдауға және өңірлердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Мықты инфрақұрылым – қуатты экономика мен жарқын болашақтың кепілі!