Ұлытау облысы әкімінің Сәтбаев қаласының тұрғындарымен есептік кездесуі 4 қарашаға ауыстырылды

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкеннің Сәтбаев қаласының тұрғындарымен есептік кездесуі 4 қараша күні сағат 11:00-де өтеді. Бұған дейін кездесу 28 қазанға жоспарланған болатын.

Кездесу Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 106 мекенжайында орналасқан Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтеді.

Кездесуден кейін облыс әкімі, облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің басшылары шешімін талап ететін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдайды.