Елімізде 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желідегі аккаунттарына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін

Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Құрылтай депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

Үкімет тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеп, Құрылтайдың қарауына ұсынған.

Заң қабылданған жағдайда пайдаланушылардың жасын растаудың арнайы тәртібі енгізіледі.

Жаңа талаптар бұрыннан ашылған аккаунттарға да әсер етуі мүмкін.

16 жасқа толмағандардың қолданыстағы аккаунттарын уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастырылмақ.