Ұлытаулық ұстаз «Шапағат» медалімен марапатталды

№17 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлсім  Насыритдинова «Шапағат»  медалімен марапатталды.

Мемлекеттік награданы педагогке Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова салтанатты түрде табыстады.

Бұл марапат ұстаздың білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлесіне, көп жылғы адал еңбегіне берілген баға болды. Гүлсім Насыритдиновна мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырумен қатар, шәкірттеріне қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп келеді.

Мектеп ұжымы әріптесін мемлекеттік наградасымен құттықтап, ұстаздық қызметіне табыс тіледі. Ұжым үшін педагогтің еңбегінің ел деңгейінде еленуі — ортақ қуаныш әрі мақтаныш.