Жедел жәрдем көлігін енді картадан онлайн бақылауға болады

Жедел жәрдем шақырғаннан кейін азаматтарға SMS келеді. Хабарламадағы сілтеме арқылы көліктің қай жерде және қандай қозғалыста келе жатқанын онлайн көруге болады.

Бұл норма Денсаулық сақтау министрлігінің 29 қыркүйектегі бұйрық жобасында көрсетілген.

Бұған дейін бұл функция Қазақстанның кейбір қалаларында, соның ішінде Астанада сынақтан өткен.